Таиландтан келген екі қазақстандық денге қызбасын жұқтырып келген

0
551

Шымкент әуежайында шетелдік рейстерге бақылау күшейтілді,


Таиландтан келген екі қазақстандық денге қызбасын жұқтырып келген

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Таиландтан келген екі қазақстандық денге қызбасын жұқтырып келгенін мәлімдеді. Шымкент әуежайында шетелдік рейстерге бақылау күшейтілді, деп жазады otyrar.kz.

Шымкент әуе айлағында бортсеріктер нұсқаулыққа сәйкес әрекет етуде.

"Компанияда департаменттің тиісті бөлімшелеріне арналған нұсқаулық бар, онда ауру кезіндегі әрекеттер сипатталған. Сонымен қатар бортсеріктер жұқпалы аурулар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша жыл сайынғы жаттығулардан өтеді және мұндай жағдайдан кейін әуе кемесі дезинфекциядан өтеді", – деді Air Astana АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахымов..

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гуля Кембаеваның айтуынша, қазіргі уақытта науқастарды анықтау және медициналық көмек көрсету мақсатында барлық іс-шаралар күшейтілген, санитарлық кіру пункттерінде шетелден келгендердің дене температурасын қашықтықтан өлшеу арқылы мониторинг жүргізіледі.

Денге қызбасы – адамдарға масалардан берілетін вирустық инфекция. Ол тропикалық және субтропикалық климаты бар аймақтарда жиі кездеседі. Денге ауруы бар науқастардың көпшілігінде ауру асимптоматикалық немесе жеңіл симптомдармен жүреді және екі апта ішінде жағдай жақсарады.

"Қорғаныс киімін киюді, масалардың шағуын болдырмау үшін масаларға қарсы репелленттерді қолдануды ұсынамыз, сонымен қатар терезелер мен есіктерді жабуды, масалармен күресуді ұсынамыз", – деп мәлімдеді көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гуля Кембаева.