​Такси жолаушысын бейіт басында өлтіріп кетті

0
1 637

Жолаушы басқа қаладан болғандықтан, қайда апара жатқанын түсінбеген.


​Такси жолаушысын бейіт басында өлтіріп кетті

фото turkystan.kz

Атырау соты такси жолаушысын өлтірді деген күдікпен екі адамды қамауға алуға шешім қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау қаласы №2 сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктілерге алдын ала сыбайласып, кісі тонап, өлтірген деген айып тағылыпты.

Істің материалы бойынша, 25 мамырда күдіктілер жеке такси қызметін атқарып, жолаушыларды тонауға келіседі. Олар вокзалдан бір клиентті отырғызып, айтқан мекенжайына апарып салуы керек болатын. Алайда қала сыртындағы зираттарға қарай бет алады.

Жолаушы басқа қаладан болғандықтан, қайда апара жатқанын түсінбеген. Күдіктілер жәбірленушіні бейіт басына апарып, таспен ұрып-соғып өлтіреді. Кейін оның сағаты мен әмиянын ұрлап кеткен. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.