"Талап күшейді!": Енді несие беру үшін бүге-шүгесіне дейін тексереді

0
2 204

Дәл қазір елімізде 8 миллионнан астам адамның несиесі бар.


ERNUR.KZ. Елімізде несие беру тәртібі күшейгелі жатыр. Енді күзден бастап екінші деңгейлі банктер қарыз бермес бұрын клиенттің жалақысына ғана емес, төлем қабілеті мен өзге де табыс көздеріне мән беретін болады, деп жазады ktk.kz.

"Клиенттің шотында ақша бар ма, коммуналдық төлемдерді дер кезінде төлеп жүр ме, барлығы ескеріледі. Дүниемүлкінің бар-жоғына да мән береміз. Егер барлығы жақсы болса ғана несие беріледі" - дейді Олег Смоляков, Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Несие беру талаптарын қатайтып жатқан Ұлттық банк бұл жұрттың белшеден қарызға батуына жол бермейді дейді. Өйткені дәл қазір елімізде 8 миллионнан астам адамның несиесі бар. Берешегін қайтара алмай жүрген көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүгедек жандардың 300 мыңға дейінгі қаразы мемлекет есебінен өтелетіні белгілі.

Келесі аптаның соңына дейін жарты миллион адамның несие үстемесі кешіріледі. Қарызды жабу үшін 105 миллиард теңге жұмсалмақ.