Талдықорған әкімдігінде сыпырғыш тұтанып, қызметкерлер эвакуацияланды

0
335

16 қызметкер мен төрт бірлік ТЖД техникасы дереу шақырту орнына аттанды.


Талдықорған әкімдігінде сыпырғыш тұтанып, қызметкерлер эвакуацияланды

ERNUR.KZ. 28 қыркүйекте әлеуметтік желіде Талдықорған қаласы әкімдігінің ғимаратынан адамдар эвакуацияланған видео пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қабанбай батыр, 26 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында түтін байқалды, соның салдарынан адамдар эвакуацияланды.

Оған себеп – жертөледегі сыпырғыштың өртенуі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қызметкерлер өртті жойды, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады қала әкімдігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жертөледе түтін шыққаны туралы хабарлама 28 қыркүйек 09:10 түсті.

16 қызметкер мен төрт бірлік ТЖД техникасы дереу шақырту орнына аттанды. Жертөледе орналасқан техникалық қызметкерлерге арналған қосалқы бөлмеде түтін шығаратын сыпырғыш болғаны анықталды. Келгенге дейін түтін тазартылды, - деп хабарлады Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы пабликтердің бірінде жарияланды.