Талдықорған авиациялық базасында әскери қызметші қаза тапты

0
655

Тағы бір әскери қызметші ауруханаға жеткізілген.


Талдықорған авиациялық базасында әскери қызметші қаза тапты

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Талдықорған авиациялық базасында төтенше жағдай болғанын мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

“2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілердің өздігінен қозғалып кетуі орын алды. Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде”, – деп хабарлады министрлік.

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланған жоқ.

“Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады”, – делінген ведомство хабарламасында.