Талдықорған көшелерінде көкпар тартқандар ұсталды

0
1 216

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, бұл тұрғындардың ашуына тиген.


Талдықорған көшелерінде көкпар тартқандар ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысының тұрғындары Талдықорған көшелерінде көкпар тартты, деп жазады Tengrinews.kz.

9 желтоқсанда Талдықорған көшелерінде бір топ адам көкпар тартқан, оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, бұл тұрғындардың ашуына тиген. Видеоны ойыншылардың бірі түсіргенге ұқсайды. Кадрларда басында автокөліктер арасындағы атты адам көрсетіледі, кейін көкпар тартқандарды байқауға болады. Артынша ер адамдар неге көшеде көкпар тартқанын түсіндірген.


Олардың бірі бірнеше сағаттан соң ұсталды. Ол Текелі қаланың 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Кейін көкпарға қатысқан басқа адамдар да ұсталды.

"Жалпы алғанда жеті адам ұсталды, олардың басым бөлігі Ескелді ауданының тұрғындары. Көкпар қала шетілдегі ауылдардың бірінде басталған. Ұлттық ойынға қызығып кеткен көкпаршылар қалаға кіріп кетіп, облыс орталығының көшелерімен шапқан. Ұсталғандар жауапкершілікке тартылып жатыр", - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Заң бұзушыларға қатысты жиналған материал сотқа жіберілді, әрқайсының ісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша қаралады.