Ойын-сауық кешені маңындағы тұрғындар тыныштық жоқ екенін айтады
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Талдықорғандағы «Статус» ойын-сауық кешенінің маңында оқ атқан күдікті ұсталып, одан травматикалық тапанша тәркіленді, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл жөнінде әкімдікте өткен аппаратық жиын барысында мәлім болды.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құзырлы орган өкілдерінен Талдықорғанда оқ атылған жағдай жайлы сұрады. Тәртіп сақшылары өз жауабында күдіктінің ұсталғанын және травмаикалық тапаншаның тәркіленгенін жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел тапаншадан оқ аспанға қарай атылғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 10-нан 11-не қараған түні Талдықорғандағы ойын-сауық кешенің маңында оқ атылып, болған жағдайды куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Артынша бейнежазба әлеуметтік желі арқылы таралып, халықтың наразалығын тудырды.
Бейнежазбаға түсіріп тұрған тұрғын «Статус» ойын-сауық кешенінің маңында тұратын жандарға демалыс күндері тыныш ұйқы жоқ екенін айтады. Сонымен бірге, видеода оқтың бірнеше рет атылған дауысы және бірнеше адамдардың бір-бірімен айқайласып жатқандығы естіледі.