Талдықорған маңындағы зиратта 3 қабір қазылып, бүлінген

0
457

Аталған жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.


Талдықорған маңындағы зиратта 3 қабір қазылып, бүлінген

ERNUR.KZ. Талдықорған маңындағы христиандардың зиратында әлдекім қабірлерді қазған. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазба авторы Еңбек ауылындағы зиратта жерленгендердің қабірін белгісіз біреулердің қазып кеткенін айтады.

Полиция бұл фактіні бірден тіркеп, қазір істі жан-жақты тергеп жатыр.

«Талдықорған маңында Еңбек ауылындағы 3 қабірдің бүлінгені анықталды. Алдын ала болжам бойынша, қабірлерді жан-жануарлар қазып кетуі мүмкін. Барлық болжамдар ескеріліп, тергеу барысында назарға алынады. Осы факті ҚР ҚК 314-бабы (Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) 1-бөлігіне сәйкес тіркелді», - деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, істі Талдықорғанның полициясы тергеп жатыр. Аталған факті облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.