Талдықорғанда 8 наурызда ер адам көшеде жалаңаш жүгірген

0
547

Талдықорғанда 8 наурызда жалаңаш ер адам жұртшылықтың үрейін ұшырды.


Талдықорғанда 8 наурызда ер адам көшеде жалаңаш жүгірген

ERNUR.KZ. Талдықорғанда тыржалаңаш ер адам коммуналдық базардың жанында жүгірген, деп жазады sputnik.kz.



Талдықорғанда 8 наурызда жалаңаш ер адам жұртшылықтың үрейін ұшырды. Полиция ер адамның мас болғанын айтады.
"Талдықорған полицейлері бейнежазбадағы жалаңаш ер адамның кім екенін анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды, полиция ұстаған кезде мас күйінде болды және медициналық айықтырғышқа орналастырылды", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Жалаңаш ер адам "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ұсталған адамның психикалық жағдайы мен айналасындағыларға қаншалықты қауіпсіз адам екені тексеріледі, деді ведомство.