Талдықорғанда 9 судьядан коронавирус анықталды

0
621

Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында облыстық сот жабылды.


Талдықорғанда 9 судьядан коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Алматы облыстық сотында 9 судьядан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық соттың төрағасы Еліс Әбдіқадыров айтты, деп жазады Tengrinews.kz.


"Өкінішке қарай, облыстық соттың 9 судьясынан COVID-19 анықталды. Әріптестерім дәрігерлердің бақылауында, оқшауланды. Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында облыстық сот жабылды. Барлық қызметкер жеті күнге үйдегі карантинге жіберілді. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан онлайн жұмыс істеп жатыр", - деді сот төрағасы.


Оның айтуынша, соттың барлық қызметкері 9 маусымда коронавирусқа тест тапсырды.

Еске салайық, мұның алдында Алматы облыстық сотының карантинге жабылғаны хабарланған болатын.