Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды

0
802


Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Талдықорғандағы саяжайлардың бірінен өңірдің полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облыстық департаментіндегі жедел уәкілдерімен бірлесіп ірі қару қоймасын анықтады.

«Қоймадан «Сайга» карабині, «ИЖ-56» аралас мылтығының кесіндісі, сигналдық револьвер, тапанша, сонымен қатар 100-ден астам түрлі калибрлі патрондар, 13 гильза, кісен және кобура тәркіленді»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.