Талдықорғанда басшысын атып өлтірген әскери қызметкер ұзақ мерзімге сотталды

0
427

Оқиға 2019 жылы болған.


Талдықорғанда басшысын атып өлтірген әскери қызметкер ұзақ мерзімге сотталды

ERNUR.KZ. Талдықорғандағы әскери бөлімдердің бірінде қызметте болған азамат басшысын атып өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 2019 жылы желтоқсан айында болған еді. Капитан шеніндегі «И» есімді әскери қызметші 16-калибрлі мылтықпен басшысының басынан атқан. Салдарынан майор оқиға орнында қаза тапты. Ал, қылмысын жасыру үшін сотталушы мылтықты өзенге лақтырып жіберген.

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотымен, капитан «И.» адам өлтіргені (Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі) үшін, сондай-ақ атыс қаруын сақтағаны және алып жүргені (Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі) үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді», - делінген Әскери сот таратқан хабарламада.