Талдықорғанда биік ғимараттың жанынан жас қыздың мәйіті табылды

0
392

23 жастағы жергілікті тұрғын үлкен биіктіктен құлап, өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.


Талдықорғанда биік ғимараттың жанынан жас қыздың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Талдықорғанның шетінде 25 тамыз күні кешке салынып бітпеген биік ғимараттың жанынан жас қыздың денесі табылды, деп жазады stan.kz.

Полицияның болжамы бойынша, 23 жастағы жергілікті тұрғын үлкен биіктіктен құлап, өзіне қол жұмсаған. Қыздың өлімінің себептері мен мән-жағдайы анықталуда.

Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.