Талдықорғанда бұрынғы білім бөлімі басшысының денесі табылды

0
398

Тексергеннен кейін әйелдің денесі Талдықорғандағы мәйітханаға жеткізілді.


Талдықорғанда бұрынғы білім бөлімі басшысының денесі табылды

ERNUR.KZ. Талдықорғанның білім саласын 2016-2022 жылдары басқарған Роза Барманованың мүрдесі Қаратал өзенінің жағасынан табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тексергеннен кейін әйелдің денесі Талдықорғандағы мәйітханаға жеткізілді. Өлімге не себеп болғаны анықталып жатыр.

«Әйел адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қаратал өзенінен табылды. Факт қала полициясында ресми түрде тіркелді. Тиісті тексерулер бекітілді. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Өлімге не себеп болғаны анықталады», – деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, Роза Барманова қалалық білім бөлімін 2013-2022 жылдар аралығында басқарған. Оның орнын кейін Жандос Жолдыханов басқан еді. Жолдыхановтың өзі 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Сот шешімімен ол қамауға алынған.