Талдықорғанда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

0
624

Сот отырысы кезінде прокурор қаржы пирамидасының жетекшісін 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сұрады.


Талдықорғанда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

ERNUR.KZ. Талдықорған қалалық сотында қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына қатысты үкім шығарылды, деп жазады sputnik.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, Т. есімді әйел 2018 жылдың жазында "Q" халықаралық компаниясының сайтына тіркеліп, тәуелсіз өкілдің куәлігін алған. Одан кейін Талдықорған қаласында компанияға жаңа адамдарды тартқан. Әрбіреуі 690 000 теңгеден 860 000 теңгеге дейін жарна салуы тиіс, бұдан бөлек, даңа қатысушыларды тартуы тиіс. Солардың есебінен дивиденттер төленді.
"Қаржы пирамидасының жетекшісі "Q" серіктестігінің әрбір мүшесіне апта сайын 200 АҚШ доллары көлемінде төлем жасап тұруға уәде берген", - делінген сот үкімінде.
Сот отырысы кезінде прокурор қаржы пирамидасының жетекшісін 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сұрады. Себебі ол жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтемеді.
Ал келіншек кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды өтінді. Заң бойынша ондай қылмыстар үшін 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Келіншектің кінәсі дәлелденеді. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар да ескерілді.
Оның асырауында кәмелетке толмаған екі баласы бар. Сосын қылмысты алғаш рет жасап отыр. Соттың шешімімен қаржы пирамидасының жетекшісі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.