Талдықорғанда күшті желден 59 жастағы тұрғынның үстіне ағаш құлады

0
509

Зардап шегуші басынан жарақат алған, миы шайқалған.


Талдықорғанда күшті желден 59 жастағы тұрғынның үстіне ағаш құлады

ERNUR.KZ. Талдықорғанда күшті желден 59 жастағы тұрғынның үстіне ағаш құлады. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«1963 жылғы науқас 30 маусым күні сағат 16:31 шамасында ауруханаға түсті. Басынан жарақат алған, миы шайқалған. Науқастың жағдайы бірқалыпты болғандықтан тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді»,- делінген хабарламада.