Талдықорғанда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары өтеді

0
367

Жаттығу кезінде олар көлік құралдарының қозғалысын шектейді.


Талдықорғанда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары өтеді

ERNUR.KZ. Талдықорғанда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары өтеді. Қала тұрғындарына бұған бола абыржымау сұралды, деп жазады zakon.kz.

Алматы облыстық жедел штабы бүгін, 25 маусымда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Жаттығу кезінде олар көлік құралдарының қозғалысын шектейді.

Тұрғындардан бұған түсіністікпен қарап, сабырлы болу, қауіпсіздік шараларын сақтау және тәртіп сақшыларының талаптарын орындау сұралады. Штаб осы ескертулерге бағынбағандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылғанын еске салады.