Талдықорғанда мас адам оқушы баланы ұрып кеткен

0
422

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Талдықорғанда мас адам оқушы баланы ұрып кеткен

ERNUR.KZ. 14 мамырда Талдықорған қаласының полиция басқармасына 46 жастағы әйел шағыммен келіп, ұлын белгісіз ересек адам ұрғанын айтқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді соққан Балпық би ауылының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіт қатты мас болған. Сондықтан ол жергілікті медициналық айықтырғышқа орналастырылды.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабында (Бұзақылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.