Талдықорғанда оқушы қызды құрдастары ұрып-соқты: біреуі оқудан шығарылды

0
494

​Талдықорғанда оқушыны өз құрдастарының ұрып-соққанына байланысты жанжал әлі де бәсеңдемей тұр. Күдіктілердің бірі колледжден шығарылды.


Талдықорғанда оқушы қызды құрдастары ұрып-соқты: біреуі оқудан шығарылды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда құрдастарын ұрып-соғып, оны бейнежазбаға түсірген үш оқушының тағдыры шешілген жоқ, деп жазады sputnik.kz.

Облыстың білім басқармасы жанжалға қатысушылардың бірі колледжден шығарылғанын айтты. Өйткені қыз кәмелетке толған және өз әрекетіне жауап бере алады.
Алайда қалған екі оқушының мәселесі әлі шешілген жоқ, олардың ата-анасы балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін 69 мың теңге айыппұл төлеген болатын.
Талдықорған және Қаратал ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссия отырысы жоспарланған. Отырыста шешім қабылданады. Қыздар кешкі мектепте оқиды.
"10 қаңтарда ұрып-соққан оқушылардың бірі колледжден шығарылды. Қалғандарының мәселесін әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қарастырады. Хаттама толтырылады, соған сәйкес сотқа тиісті ұсыныстар жіберіледі", - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Басаров.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жанжалды жариялаған оқушының мәселесі де қаралып жатыр.
Қыз Алматы колледждерінің бірінде оқиды, ол да комиссия мүшелерінің алдында жауап береді.
Еске сала кетсек, 9 қаңтарда әлеуметтік желілерде бір қызға үш қыз жабылып, ұрып-соққан видео тарады. Бұл қоғамдық резонанс тудырды. Полицейлер бейнеролик Талдықорғанның пәтерлерінің бірінде түсірілгенін және жанжалдың барлық қатысушысын анықтады.
Іс жүзінде әкімшілік іс қозғалды, оқушылардың заңбұзушылығы полицияда тексеріліп жатыр. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот мектеп оқушыларының ата-аналарына ақшалай айыппұл салды. Сондай-ақ білім беру саласының 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.