Талдықорғанда өз әйелін өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған азамат ұсталды (видео)

0
905

Ашуға мінген күйеуі істеген ісіне өкінбей, керісінше, қылмысын жасыруға бел байлаған.


Талдықорғанда өз әйелін өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған азамат ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Талдықорғанда ауладағы жертөледен 42 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Полицияның мәліметінше, қылмысқа марқұмның күйеуі мен тағы бір адам күдікті деп танылып отыр, деп жазады ktk.kz.

Жантүршігерлік оқиға Талдықорған қаласындағы жалға берілген жер үйлердің бірінде болған. Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал өліммен аяқталған. Көзі қанға толған отағасы жұбайына пышақ сұққан.

Марқұм оқиға орнында көз жұмыпты. Ал ашуға мінген күйеуі істеген ісіне өкінбей, керісінше, қылмысын жасыруға бел байлаған.

Тіпті, сол үшін көмекке досын шақырыпты. Кейін танысы екеуі мәйітті ауладағы жертөлеге жасырған.

"Аталған дерек бойынша Талдықорған қалалық ПБ мен ҚР қылмыстық процестік кодексінің 99-бабы, 1-бөлімімен сотқа дейінге тергеп-тексеру басталды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша тиісті сараптамалар дайындалып жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Талдықорған қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Алтай Қасымов.