Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

0
643

Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды.


Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, екі адам зардап шекті. Медицина мекемесінің қызметкерлері жеңіл көлікпен соқтығысқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Апаттың қалай болғаны бейнебақылауға жазылып қалған. Онда жоғары жылдамдықпен келе жатқан жедел жәрдем көлігінің қиылыста екінші машинамен соқтығысқан.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Ескелді би мен Сланов көшелерінің қиылысында болған.

«Volkswagen Vento» көлігі мен жедел жәрдем соғылды. Апат салдарынан жеңіл көліктегі екі адам зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша қалалық полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.