Талдықорғанда жетім сәбиді сатпақ болған шенеунік сотталды

0
604

Тұяқбаев жетім баланы отбасыға тәрбиелеуге бергені үшін 400 мың теңгенің парасын алған.


Талдықорғанда жетім сәбиді сатпақ болған шенеунік сотталды

ERNUR.KZ. Жетім сәбиді сатпақ болған білім бөлімінің қызметкері Әмір Тұяқбаевқа қарсы Талдықорған қалалық соты үкім шығарды, деп жазады Stan.kz .

"Талдықорған қаласының білім бөлімі" ММ балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі А.Тұяқбаевқа (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі) 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот үкімімен К.Полномочнова да (368-баптың 1-бөлігі) 4 миллион теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді", – делінген ресми хабарламада.

Тергеу материалдарына сәйкес, Тұяқбаев жетім баланы отбасыға тәрбиелеуге бергені үшін 400 мың теңгенің парасын алған. Ал Полномочнова делдалдық қызмет атқарыпты.

Бұған дейін Талдықорғанда төрт айлық сәби жол апатынан аман қалғаннан кейін облыстық мамандандырылған балалар үйіне түскенін, алайда нәрестені қалалық білім беру бөлімі балалар құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі Әмір Тұяқбаев 400 мың теңгеге сатпақ болған жерінен ұсталғанын жазған болатынбыз.