Талдықорғандағы мәйітханаға 5,5 млн теңге айыппұл салынды

0
381

Сот сараптамасы объектісінің басшылығына нақты орындау мерзімдері бар бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.


Талдықорғандағы мәйітханаға 5,5 млн теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Талдықорғандағы мәйітханаға 5,5 млн теңге айыппұл салынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Жетісу облысы бойынша сот сараптамалары институтының санитариялық жай-күйіне тексеріс жүргізді.

«Басқарма мамандары осы жылдың 19-29 маусымы аралығында Сот сараптамасы нысанында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында мәйітхана үй-жайларын ұстаудың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының сақталмау фактілері расталды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Тексеру нәтижесі бойынша 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, заңды тұлғаға «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сот сараптамасы объектісінің басшылығына нақты орындау мерзімдері бар бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.