Талдықорғанның саябағында үсіп қалған ер адамның мәйіті табылды

0
526

Марқұм 41-жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны.


Талдықорғанның саябағында үсіп қалған ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағынан белгісіз ер адамның үсіген денесі табылды. Полиция тергеу бастады, деп жазады sputnik.kz.

Полиция тексере келе марқұмның 41-жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны екенін анықтады.
"Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған жоқ. Іс жүзінде сот-медициналық сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталып, түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады", - деді Талдықорған облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрахмет Көбей.