Талғарда дәрігерлер қолын ет тартқышқа турап алған бір жасар баланы аман алып қалды

0
437

Қазір бүлдіршін интенсивті терапия бөлімінде жатыр.


Талғарда дәрігерлер қолын ет тартқышқа турап алған бір жасар баланы аман алып қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысының дәрігерлері қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған баланы аман алып қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақ халаттылар балаға ота жасап, оның қолындағы барлық тамырларын жалғап, дер кезінде көмек көрсетіп үлгерген.

«Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр оң қол жарақатын алған бір жарым жасар бала түсті. Ол оң қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған. Операцияны Талғар аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері жасады. Қазір науқас бүлдіршін интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Оның жағдайын реаниматолог дәрігерлер бақылап отыр»,- деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.