Тәліптер Қазақстандағы "Қаңтар трагедиясына" қатысы жоқ екенін мәлімдеді

0
499

​Ауғанстан билігін басып алған "Талибан" радикалдық қозғалысы қаңтар айының басындағы Қазақстанда болған толқуларға ауғанстандық радикалды содырлардың қатысуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарады.


Тәліптер Қазақстандағы

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ауғанстан уақытша үкіметі Ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахид өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді, деп жазады Экспресс К.

"Бірқатар ақпарат құралдары Ресей шенеуніктеріне сілтеме жасап, Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге кейбір ауғандықтардың да қатысқанын хабарлады. Біз мұндай шағымдарды үзілді-кесілді жоққа шығарамыз", деп мәлімдеді Ауғанстан шенеунігі.

Муджахид тәліптердің "Қазақстандағы мәселелерді ақылға қонымды және бейбіт жолмен шешуге шақыратынын" тағы бір мәрте еске салады.

"Ауғанстан Ислам Әмірлігі" ешкімнің Ауғанстан территориясын басқа елдің зиян келтіру үшін пайдалануға және өзге мемлекеттердің ісіне араласуына жол бермейді. Сондай-ақ бұндай саяси әрекеттерге ешқандай да негіз жоқ", деді Муджахид.

Сонымен қатар "Талибан" өкілі Ауғанстан аумағынан басқа елдерге ешқандай қауіп төнбейтінін баса айтты.

"Талибан" қозғалысы— Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.