"Тамақтан емес": бас санитар 12 баланың улануына қатысты мәлімдеме жасады

0
475

Бас санитардың айтуынша, 12 балаға да "түсініксіз генезден улану" диагнозы қойылды.


ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Қарағанды облысында 12 баланың улануына қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.

Қарағанды облыстық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 12 бала уланып, ауруханаға жеткізілді. Бір бала қайтыс болды, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.
Бас санитардың айтуынша, 12 балаға да "түсініксіз генезден улану" диагнозы қойылды.
"Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр. Бес баланың жағдай орташа ауыр. Барлығы – кәмелет жасқа толмаған ұл бала, улану себебі әзірге белгісіз", - деді Есмағамбетова үкіметте өткен брифингте.
Қазіргі кезде уланудың себебі анықталып жатыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылды.
"Балалар 30 шілде күні түсе бастады, қалғандары кеше, 31 шілдеде ауруханаға жеткізілді. Бас кезінде тамақтан уланды деген алдын ала болжам болды, бірақ тексеріс кезінде тамақтан улануға еш қатысы жоқ болып шықты”, - деп түйіндеді бас санитар.
Айта кетері, прокуратура қылмыстық іс қозғады. Бұдан бөлек, осы оқиғадан кейін барлық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тексеріледі. Республика бойынша 84 орталық бар. Ол жерде жетім және мүгедек балаларға қызмет көрсетіледі.