Тамақтануға арналған жазғы алаңдардың жұмыс кестесі өзгерді

0
378

Барлық нысанда адам саны 50 пайыздан аспауы тиіс.


Тамақтануға арналған жазғы алаңдардың жұмыс кестесі өзгерді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство өкілдері далада жұмыс істейтін нысандардың уақытына шектеуді жеңілдетуге келіскенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Министрлік әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу өлшемшарттарын қайта қарады, оның ішінде уақыт бойынша бірқатар шектеуді алып тастау, далада қызмет ететін тамақтану нысандары үшін жеңілдіктер, спорттық іс-шаралар өткізу, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметі бар. Өлшемшартқа жаңа нысандар енгізілді: жазғы алаңдар, асханалар, стрит-фуд және басқа да қоғамдық тамақтану нысандары. Олардың қызмет ету тәртібі анықталды", - деді Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, "қызыл" аймақтағы тамақтануға арналған жазғы алаңдар 9.00-ден 20.00-ге дейін, "сары" аймақтағылар 07.00-ден түн ортасына дейін, "жасыл" аймақта 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бұл ретте мұндай барлық нысанда адам саны 50 пайыздан аспауы тиіс. Көше тағамдары мен ашық аттракциондардың қызметіне шектеу жоқ.

Еске салайық, "қызыл" аймақтағы Ashyq бағдарламасына қосылған мекемелер "сары" аймақтың нормалары бойынша жұмыс істейді, ал "сарыдағы" мекемелер қосымшаның көмегімен "жасыл" аймақтың нормалары бойынша жұмыс істей алады.