"Тамақты әжетханалық орындыққа қойып береді": Алматыда қарттар үйінің жан-айқайы айтылды (видео)

0
1 823

Шаһар әкімі қарттар үйіндегі қариялармен әңгімелесіп, пікірлеріне құлақ асты.


Алматыдағы қарттар үйіндегі жандарға асты еденге, әжетхананың қақпағына қойып береді. Ал қарсылық танытқан қарттарды тыржалаңаш шешіндіріп, еденге жатқызып қояды. Қала әкімінің жиыны кезінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын Виктория Баженованың осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Виктория Баженованың мәлімдемесі жұртшылықты да, қала әкімін де елең еткізді. Шаһар басшысының өзі барып қарттар үйіндегі жандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Екі тараптың пікірлерін тыңдаған әкім арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізетінін жеткізді.

"Тамақты әжетханаға қойып кетеді", - дейді арнаулы әлеумттік қызмет көрсету орталығындағы қарттар.

Виктория Баженова 4 жылдан бері осындағы қызметкерлердің біраз кемшіліктерін анықтап, оны ғаламторға жариялап келеді. Осы әрекеті үшін оны мұндағылар бірнеше мәрте соққыға да жыңыпты. Қала әкімінің есеп беру жиында келген Виктория әкімнен араша сұрағады.

Шаһар басшысы уәдесінде тұрып, қарттар үйіне өзі келді. Алдымен әлеуметтік мекемені аралап, мұнда тұратын жандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Бірі қолөнермен, екіншілері тастыаяқ (бильярд) соғып жатыр. Жеке бөлмелерге де кіріп, өздігінен жүре алмайтын қарттардың халін сұрады. Бір қарағанда барлығы жақсы болып көрінгенімен Виктория Баженова мүлде олай емес, дейді. Бірнеше жылдан бері талай олқылықты өз көзімен көріпті.

"Ешқандай шара қолданбағандықтан мен ғаламтор, ютуб арқылы сізден, Президенттен көмек сұрауға мәжбүр болдым. Видеода асханадағы кемшіліктенден бастап, қызмет көрсетуге дейін барлығы бар. Қарт кісіге асты еденге қойып беріп, оған осылай ыңғайлы" - дейді №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ортағының тұрғыны Виктория Баженова.

Әкім қарттар үйіндегі қариялар мен әңгімелесіп, пікірлеріне құлақ асты. Барлығы бірдей осында көрсетіліп жатқан қызмет түрлеріне дән риза екендерін жеткізді. Үйде көрмеген жақсылықты осында көріп жатырмыз деп қариялар ағынан жарылды. Барлығы Виктория Баженов мен жұмыстан қуылған тіс дәрігеріне Жақсылық Өтеуовке наразы.

«Ішкен құдығыңа түкірме» деген. Егер жаман болса, тұрмасын бұл жерде мысалы жаман дейтіндер. Мен сөйтіп ойлаймын өз басым. Бұл жерде жаман болса, ешкім қарамайтын болса. Құдайға шүкір, бұл жерде доктор да бар, анализді де осы жерден келіп алып кетеді. Бұрындары 10 поликлиникаға баратын едік. Жатқан жерімізге азанда әкеліп тастап кетеді, келеді де өдері жинап алып кетеді. Еш жаққа жүгірмейміз. Түсінбеймін мен, недовольный адамдарды мен түсінбеймін, - дейді №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ортағының тұрғыны Адасгүл Аққұлова.

Ал әлеуметтік мекеме басшылығы өздеріне шығым түсіргендердің пікірлерімен келіспейді. Айтуынша Виктория Баженов 4 жыл ішінде мекеме директорының үстінен 2 мың шағым түсіріпті. Ол жүйкесі сыр бергендіктен бірнеше мәрте ауруханаға жатып шығыпты. Ал тіс дәрігері Жақсылық Өтеуов өз міндетін дұрыс атқармағандықтан жұмыстан қуылыпты.

"Бұл жерде барлық қызметтерді көрсетеміз, 4 мезгіл тамақ береміз. Және мейірбикелер күндіз-түні қарайды. Палата жуушылар өз қызметтерін дұрыс атқарады", - дейді №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ортағының директоры Раиса Сыпабекова.

Тараптардың пікілерін тыңдап шыққан қала әкімі "мұнда барлығы жақсы, барлығы керемет" дегенге аса илана қоймады. Сондықтан арнайы комиссия құрылып, кешенді тексеру жүргізілетінін жеткізді.