Танымал актер Аралбай Төлеубек өмірден өтті

0
1 233

Төлеубек Аралбай 72 жасқа қараған шағында көз жұмды.


Танымал актер Аралбай Төлеубек өмірден өтті

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері Аралбай Төлеубек Мұхамеджанұлы өмірден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаралы хабарды М. Әуезов театрының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақ өнері мен мәдениеті орны толмас қазаға ұшырады. 72 жасқа қараған шағында театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Мұхамеджанұлы АРАЛБАЙ дүние салды.

Төлеубек Аралбай 1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Өнерге құштар ол бала кезінен-ақ қаладағы Пионерлер Сарайының драма үйірмесіне қатысты. Оның өнердегі ең алғашқы ұстазы атақты режиссер И.Вишневский болды. 1964-1966 жылдары Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны оқып бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданып, алғашқы рөлдерін орындады.
", деп жазды әлеуметтік парақшасында Әуезов театры.