Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды ​

0
402

Мөлдір Есіркепқызының шығармашылық жолы талант, кәсібилік шеберлік, тынымсыз еңбек нәтижесінде биік белестерді бағындыруға болатынын дәлелдейді.


Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды ​

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды.

Бұдан бұрын ол "Қазақконцерттің" эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсетті. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған.

Мөлдір Есіркепқызының шығармашылық жолы талант, кәсібилік шеберлік, тынымсыз еңбек нәтижесінде биік белестерді бағындыруға болатынын дәлелдейді. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші, актриса әрі жас продюсер ретінде Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрада өнерінің дамуына елеулі үлес қосуда.

Мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет