Танымал режиссер Болат Атабаев дүниеден өтті

0
470

Ол бірер күн Алматыдағы ауруханалардың біріне түскен болатын.


Танымал режиссер Болат Атабаев дүниеден өтті

ERNUR.KZ. Белгілі режиссер, қоғам белсендісі Болат Атабаев 69 жасында дүние салды. Қаралы хабарды еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бірер күн бұрын Атабаевтың Алматыдағы ауруханалардың біріне жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді.

Болат Манашұлы Атабаев Алматы облысы Тентек ауылында туған. Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын (1974), Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын (профессор Ә.Мәмбетов пен А.Пашковтың жетекшілігімен) бітірген (1983).