Танымал тиктокер Текелі маңындағы тауларда жоғалып кетті

0
441

36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі маңындағы тауда хабар-ошарсыз жоғалып кетті.


Танымал тиктокер Текелі маңындағы тауларда жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Жетісу облысы тауларында хабар-ошарсыз кеткен тиктокер іздестіріліп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі маңындағы тауда хабар-ошарсыз жоғалып кетті.

7 маусым Қора шатқалындағы Бұрқанбұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барып, бөгеттің жанында тұрып соңғы мәрте эфирге шыққан, сол жерде жергілікті қорықшының қолынан шәй ішіп, дәм ауыз тиген.

Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы төтенше жағдайлар департаментіне жүгінген.

Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті.

Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД қызметкерлері, кинологтар жоғалған жігітті іздестіріп жатыр.

Дамир Кушеев түрлі көрікті жерлерге велосипедпен барғанды ұнатады. TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы бар. Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болған.

Жоғалған адамның жүрген жері туралы ақпараты бар кез келген адам мына телефондарға хабарласа алады: 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 немесе 112.