Тараз маңында жерге жасырылған қару-жарақ табылды

0
583

Оның ішінде 8 автомат пен оған арналған 17 оқ, 1 граната бар.


Тараз маңында жерге жасырылған қару-жарақ табылды

ERNUR.KZ. 20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақты тапты, деп жазады baq.kz.

"Белгісіз адамдар 8 бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, 1 граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, «Krall» маркалы мылтықты және 1 дана пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қалметов.