Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды

0
691

Аталған қаруға арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.


Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды

ERNUR.KZ. Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды, – деп забарлайдыPolisia.kz.

Тараз қаласы аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның барысында полиция қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 23 қаңтарында қаладағы арықтардың бірінен қапқа оралған арнайы құралдар мен тегіс саңылаулы «Эскорт» атыс қаруы табылды.

Аталған қаруға арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тараз қаласы Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.