Таразда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

0
915

Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД-нің жеке құрамынан 46 адам және 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.


Таразда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

ERNUR.KZ. 16 қазан күні сағат 15:30-да 101 пультіне Тараз қаласының 2-ші шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйінен өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Сағат 15:34-те оқиға орнынан өрт сөндірушілер келді. Бұл кезде үйдің шатырының шамамен 100 шаршы метр аумағы өртеніп кеткен болатын. Осы кезде тұрғындарды эвакуациялау және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД-нің жеке құрамынан 46 адам және 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері үйдің аумағын қоршап алды.