Таразда COVID-19 жұқтырғандар тегін дәрі-дәрмекті сатып алуға мәжбүр болған

0
446


Таразда COVID-19 жұқтырғандар тегін дәрі-дәрмекті сатып алуға мәжбүр болған

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Тараздық дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеген, деп жазады Tengrinews.kz.

Ауруханалардың бірінде емделушілердің туыстары, дәрігерлер науқастар тегін алуға құқылы дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеп жатқанына шағымданады.

"Өзбекстаннан шығарылатын "Ремдесс" препараты біздің дәріханаларда болмағандықтан бөлім меңгерушісіне қоңырау шалып сұрадым. Бұл препарат еш жерде жоқ. Бізде бұл препараттың 1 бөтелкесі 19 мың тұрады. Ал бір курс алу үшін осының алтауы керек. Жаңа хаттамаға сәйкес, егер мемлекет коронавирус жұқтырған науқастарды емдесе, бұл ауруханаларда болуы керек", - дейді науқастың туысы Наталья Соборнова.

Әйелдің айтуынша, ол дәрі-дәрмектің тегін берілуі керек екенін білгенше ұзақ уақыт іздеген. Тараздағы ауруханаға ауыр жағыдайда түскен басқа науқастардың да туыстарынан да шағымдар түсіп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық дәрі-дәрмек қоймаларда бар деп мәлімдеді.

"Бұл "Ремдесивир", "Метилпреднизолон" препараттары жеткілікті мөлшерде бар. Қазіргі уақытта "Метипред" 2800 данадан асады, ал "Ремдесивира" - 1924 бөтелке. Сондықтан мен бұл препараттарға тапшылық көріп отырған жоқпын", - деді Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлжазира Ибрагимова.

Басқарма тексеру жүргізуге уәде берді, және пациенттерден шағымдарында дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүрлейтіндердің нақты аттарын көрсетуді сұрады.