Таразда әйелді пышақтап өлтіріп, үйін өртеп кеткен күдікті ұсталды

0
375

32 жастағы азамат бұған дейін екі мәрте сотты болған.


Таразда әйелді пышақтап өлтіріп, үйін өртеп кеткен күдікті ұсталды

иллюстрациялық фото

Таразда 57 жастағы әйелді пышақтап өлтіріп, үйін өртеп кеткен күдікті қамауға алынды. Қолын қанға малған азамат өзі от қойған баспананың терезесінен қашып шыға бергенде ұсталып қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 18 мамыр күні түнгі сағат он екі шамасында болған.

Куәгерлердің сөзінше ішімдікке сылқия тойған 32 жастағы жергілікті тұрғын азаматтық некедегі күйеуі бар әйелдің үйіне келіп мазасын алған. Сол жерде жанжал туындап, арты төбелеске ұласыпты. Қаскөй әйелді пышақтап өлтіріп, күйеуін жаралған. Қаза тапқан кісінің кәмелетке толмаған екі қызы қантөгіс кезінде қашып үлгеріп, полицейлерді шақыртқан. Ал күдікті қылмысын жасыру үшін үйді әдейі өртеп ізін суытпақ болыпты. Бірақ терезеден сытылып шығамын дегенде ұсталып қалған.

32 жастағы азамат бұған дейін екі мәрте сотты болған.

"ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап ұстады. Барлық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.