Таразда қарасора өсіретін жабдықталған фитозертхана анықталды

0
1 431

Күдіктінің айтуынша, өзі жеке тұтыну үшін есірткі шөбін үйде өсіруді ұйымдастырған.


Таразда қарасора өсіретін жабдықталған фитозертхана анықталды

Жамбыл облысында тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі анықталды. Тараз қаласының 38 жастағы тұрғыны сарайының жертөлесінде қарасора өсіруге арналған фитозертхана ұйымдастырған, деп хабарлайдя ERNUR.KZ. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Ол есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған бөлмені желдету жүйесімен, жылыту құрылғысымен, шамдармен арнайы жабдықтаған.

Күдіктінің айтуынша, өзі жеке тұтыну үшін есірткі шөбін үйде өсіруді ұйымдастырған. Ол қарасораның тұқымдарын интернет желісі арқылы тапсырыс беріп алдырған. Тағы бір заттай айғақ ретінде ер адамның қарасораны өсіру бойынша өз қолымен жазған нұсқаулығы бар бір парақ қағаз табылды.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оған қатысты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз дайындау, сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ сот-химиялық сараптамасы тағайындалды»», - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.