Таразда қоқыс тазалаған қызметкерлер қапқа салынған адамның сүйектерін тауып алды

0
2 568

Мәйіттің тек сүйегі ғана қалған. Соған қарағанда, марқұм бірнеше жыл бұрын өлтірілген болуы мүмкін деген болжам бар.


Таразда қоқыс тазалаған қызметкерлер қапқа салынған адамның сүйектерін тауып алды

Таразда қапқа салынған адамның сүйегі табылды. Мәйіт ер адам ба, әйел адам ба ол жағы белгісіз, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Адам қаңқасын Жасыл ел-Тараз мекемесінің қызметкерлері тапқан. Олар екі мөлтек ауданды бөліп тұратын, су каналының жағасындағы қамысты орып, қоқыстан тазалаған. Сол кезде жерге көмілген қапты алып шыққан. Бірден полиция шақыртыпты.

Айтуларынша мәйіттің тек сүйегі ғана қалған. Соған қарағанда, марқұм бірнеше жыл бұрын өлтірілген болуы мүмкін деген болжам бар.

"Бұл дерекке қатысты Тараз қаласының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, табылған сүйек қалдықтарына сот медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.