Таразда компьютерлік клуб ішінде жасырын казино жұмыс істеген

0
635

Мекен-жай бойынша 25 компьютер, 6 монитор, 4 ойын терминалы және 5 ойын аппараты (слот-машиналар) тәркіленіп алынды.


Таразда компьютерлік клуб ішінде жасырын казино жұмыс істеген

ERNUR.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан кафелердің бірінде компьютерлік клуб ретінде ҚР ойын бизнесі заңнамасының талаптарын бұза отырып, лицензиясыз жасырын казино жұмыс істегенін анықтады, деп жазады zakon.kz.

Жедел-тергеу шаралары нәтижесінде белгісіз азаматтардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі әшкереленді. Тінту шаралары барысында анықталған мекен-жай бойынша 25 компьютер, 6 монитор, 4 ойын терминалы және 5 ойын аппараты (слот-машиналар) тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабына (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі тіркеліп, тергеу шаралары жүргізілуде.

Қаржы мониторингі комитеті еліміздің барлық аумағында заңсыз ойын мекемелерін жою бойынша жұмысты күшейтті. Жалпы, «Стоп-ойын» жедел алдын алу шарасы аясында 206 заңсыз ойын орнының қызметіне шек қойылды, 7 жасырын казино және 30 букмекерлік кеңсе жабылды, заңсыз айналымнан 2600-ден астам ойын автоматтары, терминалдар және покер үстелдері тәркіленіп алынды.

Заңсыз ойын бизнесіне орын ұсынғаны үшін ҚР ҚК 307-бабына сәйкес екі жылға бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өткен жөн.