Таразда коронавирус жұқтырған науқас пойызбен қатынаған

0
266

Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 8 адам карантин бөлімшесіне жатқызылды.


Таразда коронавирус жұқтырған науқас пойызбен қатынаған

ERNUR.KZ. 1 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Олардың біреуі - Тараз қаласының 41 жастағы тұрғыны. "Қызылорда-Петропавл" бағытындағы пойызда Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған. Оның Түркістан облысына оралған кезде індет жұқтырғаны белгілі болған еді.

Олармен байланыста болған 8 адам карантин бөлімшесіне жатқызылды. Коронавирус инфекциясына талдау алынды.

Сонымен қатар, "Қызылорда-Петропавл" пойызында Түркістан облысының аталған тұрғынымен байланыста болған 7 жолаушы карантинге жатқызылды. Олардың қан талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Екінші науқас -1991 жылғы Жамбыл облысының тұрғыны. Ол 30 наурызда өңірге Ресей Федерациясынан келген.

Келген кезде тәртіп бойынша карантин стационарына жатқызылды. Сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационарға ауыстырылды. Екі науқастың да жағдайы қанағаттанарлық, ауруы жеңіл түрде өтіп жатыр, хаттамаға сәйкес қажетті ем алып жатыр. Санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрған жерлері мен болған орындарындағы ошақтарда дезинфекция жұмыстарын жүргізді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет