Таразда көз жұмған Ресей азаматы пышақталмаған – полиция

0
686

Мария Ким жұмыс істеген Discovery дәмханасы оның өмірінің соңғы сағаттары түсірілген видеоны жариялады.


Таразда көз жұмған Ресей азаматы пышақталмаған – полиция

ERNUR.KZ. Полиция ресейлік Мария Кимнің өліміне қатысты ақпарат таратты, деп жазады sputnik.kz.

Полицияның мәліметінше, қыз пышақ емес, оқ жарақатынан көз жұмған.

"1995 жылы туған М.Ким шынымен де Ресей Федерациясының азаматы болды, ол Қазақстан аумағында ықтиярхатпен тұрып келген. Ол қарулы адамдар қару қолдана бастаған кезде оқ жарақатынан қайтыс болған. БАҚ-та жарияланған пышақ жарақаты туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Тергеу басталды.

Кеше ресейлік БАҚ-та Ресей азаматының 7 жерден пышақталғаны туралы ақпарат жарияланды.

Ал Мария Ким жұмыс істеген Discovery дәмханасы оның өмірінің соңғы сағаттары түсірілген видеоны жариялады.


Мекеме өкілдері қайғылы оқиға болған күні кешке қызметкерлер көлікпен үйлеріне жеткізілгенін айтты.

"Сағат 18:54-те Мария сол күні кешке қызметкерлерді тасымалдаған Largus көлігінің алдыңғы орындығына отырды. Сағат 23:00 шамасында біз болған оқиғаны естідік – Мария жансақтау бөліміне түскен".