Таразда мейрамханаға жақын маңнан ер адамның мәйіті табылды

0
638

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Таразда мейрамханаға жақын маңнан ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Таразда мейрамхана маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Polisia.kz.

30 тамызда сағат 05:15-те Ақбұлақ шағын ауданының тұрғыны мейрамханаға жақын маңнан 27 жастағы ер адамның мәйітін тауып алған. Тұрғын бұл туралы полицияға хабарлайды.

Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанады. Ауыр қылмыстың себебін тергеушілер анықтап жатыр. Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 33 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау шаралары қарастырылып жатыр. Қажетті сот сараптамасы тағайындалды.

Қылмыстық іс Жамбыл облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.