Таразда мектеп түлектері қауіпті кортеж ұйымдастырған

0
501

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған кортежді анықтады.


Таразда мектеп түлектері қауіпті кортеж ұйымдастырған

ERNUR.KZ. Таразда мектеп түлектері жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіпті кортеж ұйымдастырған, деп жазады Tengrinews.kz.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған кортежді анықтады. Көлік тізгінінде кәмілет жасқа толмаған жүргізуші және салонда бір топ мектеп бітіруші түлек болған.

"Жүргізуші ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі "Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы" және ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция өкілі.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі "Көлік құралын басқаруды құқығы жоқ адамға беру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.