Таразда TikTok-та отырып көлік жүргізген ер адам жазаланды

0
344

24 жастағы азаматқа қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды.


Таразда TikTok-та отырып көлік жүргізген ер адам жазаланды

Әлеуметтік желілерге жасалған мониторингтен кейін жамбылдық жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бұзу фактілерін анықтау мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әкімшілік полиция қызметкерлері TikTok желісінде тікелей эфирде отырып, жол ережесін бұзушыны анықтады.

— Көлік тізгіндеген жас жігіт тікелей эфирде алкогольдік ішімдік ішіп, балағат сөздер айтқан. Артынша алдыңғы нөмірін шешіп алып, қаланы аралап шыққан. Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісін анықтады,- деді ведомствоның баспасөз қызметі.

24 жастағы жүргізушіге көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, сақтандыру полисінсіз жүргізгені және жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

- Көлікті мас күйде жүргізген тағы бір жүргізушіге хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушы 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады және қомақты айыппұл төлейді, - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.