Таразда түлектер кортежіне қатысқан үш көліктің жүргізушісі жазаланды

0
676

Жол полицейлері 1 маусымнан бері рейд өткізіп жатыр.


Таразда түлектер кортежіне қатысқан үш көліктің жүргізушісі жазаланды

ERNUR.KZ. Таразда түлектер кортежін ұйымдастырғандарға қатысты 9 әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жол полицейлері 1 маусымнан бері рейд өткізіп жатыр. Соның барысында түлектер кортежіне қатысқан 3 жүргізуші жауапқа тартылды.

«ВАЗ 21144» маркалы көліктің жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзу кодексінің үш бабы бойынша жауап береді. Сол сияқты «Мерседес Гелендваген» көлігінің тізгінін ұстаған қала тұрғынына қатысты осы кодекстің төрт бабы бойынша хаттама толтырылған. Ал «Мерседес Кабриолет» көлігінің иесі аталмыш кодекстің екі бабын бұзған.

Жамбыл облысының департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады. Полицейлердің айтуынша, өмірдегі маңызды оқиғаларды тойлау заң бұзуға себеп болмауы керек.