Таразда үш бала оқ тиіп, ауруханаға түсті

0
613

Қылмысқа күдікті анықталып, қамауға алынған.


Таразда үш бала оқ тиіп, ауруханаға түсті

иллюстрациялық сурет: интернеттен

ERNUR.KZ. Таразда кәмелетке толмаған үш бала оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп жазады zakon.kz.

"Тараз қаласының полиция басқармасына облыстық балалар ауруханасына кәмелетке толмаған үш бала оқ жарақаттарымен жеткізілді деген хабарлама келіп түсті. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды" - делінген хабарламада.

Қылмысқа күдікті анықталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, істің егжей-тегжейлері тергеу мүдделері үшін айтылмайды, - дейді полициядағылар.