Таразда жасөспірім гаражда асылып қалды

0
458

2008 жылы туған жасөспірімнің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.


Таразда жасөспірім гаражда асылып қалды

ERNUR.KZ. Оның мәйітін түн ішінде анасы тауып алған, деп жазады exk.kz.

12 қазан сағат 00:20 шамасында полицияға Тараз қаласының 55 жастағы тұрғыны хабарласып, облыс орталығындағы гараждың бiрiнен ұлын асылып тұрған күйде тапқаны туралы айтқан. Полицейлер мәйіттi қараған кезде зорлық-зомбылық белгілері байқалмапты.

2008 жылы туған жасөспірімнің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

"Аталған дерекке қатысты ҚК 105-бабы 3-бөлігімен (өзін-өзі өлтiру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.