Тараздағы жарылыста қаза тапты делінген қыз тірі екен

0
1 183

Ауыр жарақаттардан қаза тапқандардың түр-әлпеті адам танымастай болып өзгерген.


Тараздағы жарылыста қаза тапты делінген қыз тірі екен

ERNUR.KZ. Тараздағы тұрғын үйдегі газ жарылысынан қаза тапқандар тізімін құрастыруда қателік кетті, деп жазады Zakon.kz.

Тексеру барысында анықталғандай, қаза тапқандардың бірі 1987 жылы туған Төлегенова Аида Үсенғалиевна емес, 2001 жылы туған Арапбек Айжан Еркінбекқызы болып шықты.

"Оның себебі, ауыр жарақаттардан қаза тапқандардың түр-әлпеті танымастай болып өзгерген. Екі қыздың түрі мен дене бітімі ұқсас болған, тіпті туғандары да өз қыздары мен туысын тани алмады. Сонымен қатар, полиция үйдің 300-ден асатын өзге тұрғындарын іздестіруге мәжбүр болды, олар жарылыстан кейін туысқандары мен таныстарының үйіне кетіп қалған," – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция хабарлағандай, қазір ҚР ҚК 292 бабы, 3 бөлімі (абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша тергеу жалғасуда.

2019 жылдың 27 ақпанында Тараздағы ықшамауданда бес қабатты үйде газ жарылған болатын. Алты адам жарақат алып, оқиға орнында үш адам көз жұмған.